Отбасы күнімен, Қазақстан!
Бүгін 2-топта біз ең жылы әрі жүрекке жақын мерекелердің бірін — Қазақстандағы Отбасы күнін атап өттік! Бұл күн бізге басты құндылықтарды еске салады: махаббат, құрмет, өзара түсіністік және қолдау.
Отбасы — біздің алғашқы үйіміз, тірегіміз, күш пен шабыт көзіміз.
Тәрбие сағаты барысында балалар өз отбасыларының суретін салды, отбасылық дәстүрлері туралы әңгімеледі, ал мереке ортақ шай ішумен аяқталды. Сондай-ақ іс-шараға ата-аналар қатысып, өз отбасыларының фотосуреттерін жіберді.
#Адал_азамат





