Заң мен тәртіп
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында 5-9сынып оқушылары Меңдіқара аудандық полиция бөліміне барды.
Экскурсия барысында полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби қызметімен таныстырды. Құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары заңды сақтаудың маңызы туралы ақпарат берді.
Бұндай экскурсиялар оқушылардың кәсіби бағдарлауына мүмкіндік береді. Заң мен тәртіптің маңызыды рөлін ашады, қоғамдағы қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау үшін заңнамаларды қатаң ұстану қажетті де міндетті екенін ұғындырады.
Полиция қызметкері –жауапты әрі маңызды, батырлық пен қайсарлықты талап ететін мамандық.
#адал_азамат #Заң_Тәртіп





