​ЖАС МАМАННЫҢ КӘСІБИ ІЗДЕНІСІ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

​ЖАС МАМАННЫҢ КӘСІБИ ІЗДЕНІСІ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

Біздің мектеп- интернаттың, биология пәнінің жас маманы Оспанова А.Е. әріптестерімен бірлесе отырып, «ШЖМ биологияны оқытудағы визуализация мен ЖИ мүмкіндіктері» атты әдістемелік ұсынымды әзірлеуге атсалысты.

Әдістемелік ұсыным шағын жинақты мектеп жағдайында биология сабақтарында визуализация мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануға бағытталған. Жұмыста сабақ ұйымдастырудың практикалық үлгілері, «БИО–VAI» моделі, тиімді промпттар, саралау, бағалау және оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру құралдары қамтылған.
Жас маманның осындай шығармашылық-әдістемелік ізденіске қатысуы – оның кәсіби дамуға ұмтылысын, заманауи білім беру технологияларын меңгеруге деген қызығушылығын көрсетеді.
Бұл еңбек – тәжірибелі педагогтер мен жас маманның бірлескен ізденісі мен кәсіби ынтымақтастығының нәтижесі.@orleu_qostanay,@ainur_muskina
Жас маманымыз Оспанова А.Е.-ге кәсіби ізденісіне, шығармашылық еңбегіне сәттілік тілейміз!
Жаңа идеялар мен жаңа жетістіктер көп болсын!
#ЖасМаман
#Биология
#ЖасандыИнтеллект
#Визуализация
#ӘдістемелікҰсыным
—
21:26
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!