«Заң және тәртіп»
Профилактикалық жұмыс айдары. «Заң және тәртіп» құндылығының негізінде «Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» атты іс-шара өткізілді.
2-топта «Зорлық-зомбылық пен қатыгездіксіз балалық шақ» атты ИНФО+ өткізілді. Іс-шара балалар мен ересектердің бала құқықтарын қорғаудың маңызын және олардың дамуы үшін қауіпсіз әрі достық орта құрудың маңызын түсінуін қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-әрекеттерді қамтиды. Тәрбиеленушілер зорлық-зомбылықтың салдарлары туралы білді, қатыгездіктің алдын алу жолдарын талқылады, сондай-ақ балаларды құқықтық және әлеуметтік салада қорғау шараларымен танысты. Іс-шараның мақсаты — әр бала өзін тыңдалған және қорғалған сезіне алатын ашық әрі шынайы қарым-қатынас кеңістігін құру. #біртұтас_тәрбие





