"Мен елімді сүйемін, тарихымды білемін"

"Мен елімді сүйемін, тарихымды білемін"

Сурет

31 мамырда мектеп-интернатта «Мен елімді сүйемін, тарихымды білемін» тақырыбында қызықты сынып сағаттар өтті. Оқушылар еліміздің тарихы, әдебиеті, географиясы мен салт-дәстүрлері туралы өз білімдерін көрсетті. Сынып сағаттарының формасы әр түрлі болды: бекеттер арқылы саяхаттаудан бастап, сынып ұжымын біріктіруге бағытталған ойын сәттеріне дейін.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен жаппай ашаршылықты еске алуға ерекше назар аударылды. Оқушыларға жазғы демалыс кезінде көруге арналған фильмдер мен оқуға арналған кітаптар тізімі ұсынылды.
Сондай-ақ, 4-сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасып, өз эмоцияларын өлеңдер мен әндерде білдірді. Соңында мектеп әкімшілігі оқушыларға жазғы демалысты жайдары өткізуді тілеп, үздік оқушылар мен белсенділерді мақтау қағаздарымен, грамоталармен және медальдармен марапаттады.

Сурет

Сурет

Сурет

Сурет

Сурет

—
18:20
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!