"Инаугурация"

"Инаугурация"

27 қыркүйекте мектеп—интернатта мектеп парламентінің президенті Приходько Анастасияны ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Жаңадан сайланған президент мектеп Парламентінің құрамын ұсынды. Оған ең белсенді және бастамашыл жоғары сынып оқушылары кірді: құқық және тәртіп фракциясы — Юцева Анастасия; ақпарат фракциясы — Мустафина Данара; спорт және СӨС фракциясы — Жаканов Тохтамыс; қамқорлық фракциясы — Михалевич Виталина; мәдениет және өнер фракциясы — Актасова Мерей, дебаттық қозғалыс фракциясы — Рыбьякова Регина, экология және еңбек фракциясы — Атымтай Әлібек. Мектеп Парламентінің Президенттігіне барлық үміткерлеріне: Приходько Анастасия, Юцева Анастасия, Актасова Мерей, Атымтай Әлібекке — мектебіміздің ең батыл және жанашыр адамдарына, бастамасы, дербестігі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғыс хаттар табыс етілді. Мектеп директоры Г.Е.Сейдахметова балаларды құттықтап, белсенді және жемісті жұмыс тіледі, бір-бірінің қолдауына ие болып, мейірімді болуға шақырды. Жиын соңында Б.С.Қожасағиев (қосымша білім беру педагогы) және Ж. К. Жүсіпбекова (тәрбиеші) «Туған жерім тамаша» әнімен музыкалық құттықтау білдірді. Сордай-ақ, «Грация» және «Сияние» би ұжымдары өз құттықтауларын би арқылы білдірді..

—
15:59
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!