2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні
Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жалпыұлттық аза тұту күні бұқаралық ақпарат құралдарының, телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет регламенті, ақпараттық интернет-ресурстарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми сайттарын безендіру жөнінде ұсынымдар әзірледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының, телерадио хабарларын тарату операторларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын ұсынылған ұсынымдарды басшылыққа алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында жалпыұлттық аза тұту күніне көзделген шектеулерді сақтауға шақырады.





