«Спектр» ӘБ онкүндігі

«Спектр» ӘБ онкүндігі

Сурет

«Спектр» ӘБ онкүндігі аясында 7 «Б» сыныбында биологиядан
«Орталық және шеткі жүйке жүйесі. Ми, үлкен жарты шарлар» тақырыбында ашық сабақ өтті 
Сабақ барысында оқушыларға топпен жұмыс істеуге және білім алмасуға мүмкіндік берген «Елші» стратегиясы қолданылды. Бірінші топ ми сыңарларының үлкен жарты шарлары аймақтарының құрылысын, екінші топ жұлынның құрылысын таныстырды.
Жұмыс постер түрінде ресімделіп, «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы қорғалды.
Тәрбие құндылықтары мен жаңашыл ойлауды дамыту үшін оқушылар орталық жүйке жүйесі тақырыбына байланысты өлеңдерді талқылады.
Сабақ формативті бағалаумен және жиынтықтауға мүмкіндік берген «Жеті гном» рефлексиясымен аяқталды.
—
21:36
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!