«Спектр» ӘБ онкүндігі
«Спектр» ӘБ онкүндігі аясында 7 «Б» сыныбында өткізілген геометриядан ашық сабақ қызықты «Геометриялық баттл» түрінде ұйымдастырылды. Алғашқы минуттардан бастап оқушылар «Гипотенуза» және «Катет» командаларына бөлініп, белсенді жұмысқа кірісті. Жарыс форматы тақырыпқа деген уәждемені және танымдық қызығушылықты арттыруға ықпал етті. «Фотоаң», «Құпия шифр», «Конструкторлар дуэлі» және «Шындық па, жалған ба» раундтары барысында жетінші сынып оқушылары әртүрлі күрделіліктегі есептерді шығарғанда тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдана білетінін көрсетті. Топпен жұмыс ынтымақтастық, дәлелдей білу және өзара қолдау дағдыларын дамытты. Сабақ серпінді, эмоциялы әрі нәтижелі өтіп, қойылған мақсаттарға толық көлемде қол жеткізілді.





