«Менің мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан»

«Менің мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан»

Бүгін Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағатында біз Отанымыз — Қазақстан Республикасы туралы әңгімелестік.

Балалар қызықты тапсырмалары бар тақырыптық карточкаларды орындады, тақтадағы сұрақтарға жауап іздеді, еліміздің маңызды деректерін, рәміздері мен жетістіктерін еске алды.
Әрбір тапсырма білімді тексеру ғана емес, тәуелсіз Қазақстанға, оның тарихы мен болашағына деген мақтаныш сезімін тағы бір рет сезінуге мүмкіндік болды.
Сынып сағатының соңында балалардың жылы атмосферасын, топтық жұмысын және шынайы қызығушылығын еске салатын естелік суреттер түсірілді.
#адал_азамат #тәуелсіздіккүні
—
19:37
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!