Психологиялық қолдау

Дүниежүзілік балалар күніне орай психологиялық қолдау апталығы аясында ерекше мотивациялық жаттығу ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы — оқушы мен педагог — өз жеке жетістігі немесе мақтаныш сезімін білдіретін сөзді жапырақ бейнесіндегі қағазға жазып, арнайы дайындалған «Жетістік ағашына» жапсырды.
– Мен мақтанамын, өйткені достарыма көмектесемін.
– Мен мақтанамын, өйткені жаңа биікті бағындырдым.
– Мен мақтанамын, өйткені ешқашан берілмеймін.
Ағаш біртіндеп позитивті ойлар мен жетістіктерге толып, барлық қатысушылардың ұжымдық рухын, бір-біріне деген құрметін және өз-өзіне сенімін бейнеледі.
Бұл шара оқушылар мен мұғалімдердің эмоциялық қолдау мен мақтаныш сезімін арттырып, жақсы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталды.
#адал_азамат#ЖетістікАғашы #ПозитивтіОрта #ПсихологиялықҚолдау






