«Тамшылар» ӘБ онкүндігі
«Тамшылар» ӘБ онкүндігі өз мәресіне жетті, жайлы атмосферада қорытындыланып, аяқталды. Бұл күндері балалар танымдық экскурсияларға, қызықты үзілістерге, ашық сабақтарға, шығармашылық ойындарға қатысып, өздеріне пайдалы ақпарат ала білді. Әрбір өткізілген іс-шара балалардың үлкен өмір жолына деген кіші қадамы болды. Балалар үлкен қызығушылықпен әр рөлде өздерін сынап көріп, сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Онкүндік мерекелік салтанатпен жабылып, балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Мектебімізде осындай іс-шаралар жалғасын таба берсе екен!





