«Тамшылар» ӘБ онкүндігі
Бүгінгі күн оқу мен еңбектің адам өмірінде маңызды орын алатынын дәлелдеді. Бүгін бастауыш сынып оқушылары «Мамандықтың бәрі қажет» онкүндігіне орай Боровской ауылындағы «Камшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі» ҚМКК-не танымдық саяхат жасады. Қызықты саяхатымыз Еңбек ері Кәмшат Дөненбайқызының мұражайын аралаудан басталды. Балалар оның еңбек жолындағы жетістіктері мен қажырлы еңбегі туралы, оның қалай кәсіби маман болғаны туралы білді. Сонымен қатар оқушылар электр мамандығы, дәнекерлеуші, аспазшы және өрт сөндіруші мамандықтары туралы тереңірек біліп, әртүрлі мамандық иелерінің жұмысын өздері жасап та көрді. Заманауи құралдармен жабдықталған дәріханалар балалардың назарын аударды. Колледж ұжымына жақсы қарсы алып, колледж өмірімен таныстырғандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!!!





