ДосболLike

ДосболLike

9 «Б» сыныбында «ДосболLike» айдары аясында білім алушылардың қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынасын қалыптастыруға және оны сақтаудағы өз рөлін сезінуге бағытталған сынып сағаты өтті. Балалар экологиялық сын-қатерлер жағдайында төзімді болу нені білдіретінін, тұрақты дамуға қандай әдеттер ықпал ететінін және табиғатқа қамқор болудың неліктен маңызды екенін талқылады.

Сынып сағатының соңында жеке қауіпсіздік сабағы барысында маңызды құқықтық тақырып қозғалды: «Кәмелетке толмаған адам заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?» Оқушыларға жауапкершіліктің басталу жас шектері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің айырмашылығы түсіндіріліп, өмірден нақты мысалдар келтірілді.
Сынып сағаты белсенді өтті: оқушылар сұрақ қойды, өз пікірін білдіріп, тек экологиялық ғана емес, құқықтық сауатты тұлға болу қажеттігі туралы қорытынды жасады.
#адал_азамат
—
20:39
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!