Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы
Ата-аналармен жұмыс айдары. 5-9 сынып оқушыларының ата-аналары үшін аутодеструктивті мінез-құлықтың, қорқытудың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. С. Алгалиева, педагог-психолог А. Г. Сауекенова, әлеуметтік педагог Т. Л. Форикова ата-аналар үшін балалармен тиімді қарым-қатынас жасау және қолайсыздық белгілерін тану дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтік жаттығулар өткізді. Тақырыптық бейнероликтер қаралып, талқылауға бағытталған сұрақтарға жауап алу арқылы диалог ортасы құрылды. Іс-шара соңында ата-аналарға отбасылық тәрбие бойынша буклеттер мен жадынамалар таратылды.
#адал_азамат#атааналаржиналысы





