Декада мо "Капельки"
Бүгін бастауыш апталығының он күндік жоспарына сәйкес 1«А» сыныбында әліппе пәнінен "Ғғ дыбысы және әрпі" деген тақырыпта ашық сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты: балаларды Ғғ әрпімен таныстырып, каллиграфия ережесін сақтауды үйрету, мұғалімнің көмегімен мәтіннің сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұрақтарға жауап беру.
Сабақ барысында оқушымен жеке жұмыс жүргізілді.Тақырып бойынша видеоролик көрсетілді.Тақтамен, карточкамен, көрнекі құралдармен, оқулықпен жұмыс жүргізілді.Мәтін оқылып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берілді.Тақырып бойынша сергіту сәті орындалып, рефлексия өткізілді.Сабақ мақсатына жетті.






