«Тамшылар» ӘБ онкүндігі

«Тамшылар» ӘБ онкүндігі

Өрт сөндіруші мамандығы — ең қасиетті, ержүректілікті, жауапкершілікті талап ететін мамандық! Бұл мамандық иелері бізді қауіптен қорғау үшін бастарын қатерге тігеді. Бүгін бастауыш сынып оқушылары Боровской ауылының өрт сөндіру бөліміне барып қайтты. Балалар өрт сөндірушілердің қызметімен танысып, олардың жұмыс күндерінің қалай өтетінін, жұмыс барысында қандай құралдар мен техника қолданатынын білді. Әсіресе балаларды қызықтырғаны өрт сөндірушілер машинасы және бас киімі. Бұл экскурсия балаларға батыл, тәуекелшіл болудың маңыздылығын ұғындырды. Өрт сөндіру қызметкерлеріне бізді жылы қабылдап, өз қызметтерімен таныстырғаны үшін алғысымызды білдіреміз!

—
20:34
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!