12 қараша — Ұлттық валюта күні
12 қарашада, Валюта күні қарсаңында Орталық балалар үлгілік кітапханасының кітапханашысы Ульрих Н.И. Боровской санаторлық мектеп-интернатының оқушылары үшін «Еркін мемлекеттің ұлттық валютасы» хронографын ұсынды. Іс-шара барысында балалар біздің ұлттық валютамыз — теңгенің пайда болу тарихымен танысты, оның суретші-дизайнерлерімен таныс болды, алғашқы қазақстандық банкноттарда кімнің бейнеленгенін және біздің валютамызда қанша қорғаныс деңгейі бар екенін білді. Тыңдағанын бекіту үшін қатысушылармен зияткерлік викторина, «Бұл кімнің валютасы?» байқауы өткізілді. Балалар тапсырмаларды өз біліктілігін көрсете отырып, өте жақсы орындады. Қорытындысында балалар тақырыптық сөре кітаптарымен және «Еркін мемлекеттің ұлттық валютасы» қалтасымен танысты. Іс-шараға 16 адам қатысты.





