«Тамшылар» ӘБ онкүндігі

«Тамшылар» ӘБ онкүндігі

«Тамшылар» ӘБ онкүндігінің аясында 2025 жылдың 11 қарашасында 4 сынып оқушыларының арасында дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізілді. Мұғалімі: Сулейменов Ж.Ж. Сабақтың тақырыбы: «Жалпы дамытушы жаттығулар кешені». Сабақ барысында оқушылар қауіпсіздік ережесімен танысып, жалпы дамытушы жаттығуларды қайталады. Балалар түрлі жаттығуларды асқан ептілікпен орындай білді. Гимнастикалық элементтерді жасау, бой қыздыру жаттығуларына ерекше мән берілді. Жалпы сабақ жағымды атмосферада, керемет көңіл-күйде өткізілді!

—
19:53
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!