«Тамшылар» ӘБ

«Тамшылар» ӘБ

Бүгін мектебімізде «Тамшылар» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі басталды. Бастауыш сынып оқушылары үшін «Мамандықтың бәрі қажет!» атты тақырыпта лездеме өткізілді. Балалар Еңбек және Мамандық еліне керемет, танымдық саяхат жасады. Ойын, көрініс, қызықты байқаулар арқылы балалар әрбір мамандықтың маңыздылығын түсінді.

Бастауыш сынып оқушылары «Мамандық саудасы», «Артығын тап», «Бұл қай мамандық?» атты конкурстарға белсене қатыса отырып, әрбір мамандықтың құрметке лайық екенін қуана дәлелдеді. Балалар мамандықтың жаманы болмайтынына, барлығының адам өмірінде маңызды рөл атқаратынына көз жеткізді.
—
17:54
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!