Меңдіқара ауданына – 95 жыл!
Біздің тәрбиеленушілер тек оқу жылы кезінде ғана емес, демалыс уақытында да мектеп-интернат қабырғасында алған шеберліктерін шыңдап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
Ауданда өткен 50-ге жуық қатысушы жиналған мерекелік асық ату жарысында оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетті:
Жандосұлы Ораз — абсолютті чемпион, 3-орын иегері және 10 000 теңге көлеміндегі сертификат жеңімпазы
Атымтай Жандарбек — 2015–2017 ж.т. жас ерекшелік тобында 1-орын
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Спортшыларымызды дайындаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жарқын Жангелдинұлына алғысымызды білдіреміз!
#Меңдіқара95жыл #асықату #ұлттықспорт #мақтанышымыз





