«Тәрбиешілер» ӘБ
Бүгін «БОСМИ» КММ-де «Тәрбиешілер» ӘБ-нің қорытынды отырысы өтті. Отырыс әдеттен тыс әрі қызықты – кинофорум форматында өтті! Педагогтер кәсіби шеберлік әлеміне енді: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының тәрбиелік әлеуетін талқылады, құндылықтарды тәрбие процесінде қолдану тәжірибесімен бөлісті және өздерінің авторлық әдістемелік әзірлемелерін ұсынды. Бұл жай ғана қорытынды шығару емес, барлығын жаңа шығармашылық ізденістерге жігерлендірген нағыз нәтижелі пікірталас болды. #біртұтас_тәрбие





