«Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік»
Балаларды қорғау күніне арналған онкүндіктің жоспарына сәйкес 5-топта «Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік» тақырыбында іс-шара өтті. Тәрбиеленушілер электр тогын қалай қолдану керектігі, жол белгілері, шұғыл қызметтердің нөмірлері, су айдындарындағы және әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері туралы айтты. Осы тақырып бойынша ауызша әңгіме жүргізіліп, практикалық сабақтар өткізілді.#біртұтас_тәрбие #ҚауіпсізОрта #қауіпсіздікЕреженіҰстану





