«Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025»
Бекітілген «Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025» жоспарына сәйкес өндіріске экскурсия өтті. Бүгін 2-топ тәрбиеленушілері сапалы жиһаздың жобадан дайын бұйымға дейін қалай жасалатынын өз көздерімен көрді.
Экскурсия жобалау бөлімінен басталды, онда дизайнерлер мен инженерлер жиһаз үлгілерін жасайды, өлшемдерін есептейді, материалдар мен фурнитураны таңдайды. Әр шебер өз ісімен айналысады.
Тәрбиеленушілер дайын жиһаз цехын көріп, оны өндіру процесі туралы көп жаңалық білді. #біртұтас_тәрбие #2025ЖұмысшыМамандықтарЖылы





