«Лингвист» ӘБ
«Лингвист» ӘБ онкүндігі аясында 8 «Б» сыныбында «Food labelling» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты — өнім қаптамаларындағы ақпаратты оқып, талдау дағдыларын дамыту. Оқушылар құрамын, тағамдық құндылығын және жарамдылық мерзімін қалай табу және түсіну керектігін үйренді. Сабақта «Кодты тап», «Құрамды тап» сынды ойын элементтері қолданылып, қызықты атмосфера қалыптастырылды. Практикалық бағыттағы бұл сабақ оқушыларға күнделікті өмірде пайдалы мәлімет алуға мүмкіндік берді. Оқушылар белсенді қатысып, соңында өздерін бағалау арқылы жетістіктері мен жақсартуды қажет ететін тұстарын анықтады
#8бсынып #foodlabelling #Лингвистәдістемелікбірлестігі #онкүндік





