«Лингвист» ӘБ

«Лингвист» ӘБ

Бүгін 6–8А сынып оқушылары үшін Тілдер онкүндігі аясында танымдық әрі қызықты “Animals” атты Бинго ойыны өтті. Бұл іс-шара тек көңілді уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар ағылшын тіліндегі сөздік қорды кеңейтуге, зейінділік пен тілдік интуицияны дамытуға бағытталған тиімді құрал болды. Ойын форматы қатысушыларға өз білімін, жылдам ойлау қабілетін және тілдік материалмен бейстандарт жағдайда жұмыс істеу дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді. Ойын барысында ерекше ептілік пен сәттілік танытқан 7А сынып оқушысы — Рашиден Гүлдесін жеңіске жетті. Жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! 

#ТілдерОнкүндігі2025 #АғылшынТіліКүлкімен #БингоAnimals

—
17:34
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!