«Лингвист» ӘБ
«Лингвист» әдістемелік бірлестігі онкүндігі аясында үлкен үзіліс кезінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Галямова К.Н. ұйымдастырған 5-сынып оқушыларына арналған шағын ойын өтті. «FASTER ONE» ойыны оқушылардың оқу дағдыларын, логикалық ойлауын және топпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталған. Оқушылар белсенді қатысты: әріптерді дұрыс ретімен орналастырып, сөз тіркесінің мағынасын талқылап, жылдамдық пен зейін бойынша жарысты. Ойын жағымды әрі қызықты атмосферада өтті.
#ӘБлингвист #fasterone





