Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен мектеп-интернатта кешенді мониторинг жүргізілді.

Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен мектеп-интернатта кешенді мониторинг жүргізілді.

Оқу-ағарту министрлігінің (№3-21-6/1928-И 14.03.2025 ж.) тапсырмасы негізінде біздің мектеп-интернатта кешенді мониторинг жүргізілді. Мониторингті Меңдікара ауданының білім беру бөлімінің басшысы Ахметова Г.А. басқарды. Комиссия білім беру мекемесінің түрлі аспектілерін бағалады, оның ішінде:

Қауіпсіздік жағдайлары – балаларды түрлі қауіптерден қорғау шаралары тексерілді.
 Профилактикалық шаралар мен оқу-жаттығулар мониторингі – педагогтар мен оқушылардың төтенше жағдайларға дайындық деңгейі бағаланды.
Тәрбие жұмысы – бос уақытты ұйымдастыру және тәрбие процесінің тиімділігі тексерілді.
Психологиялық және әлеуметтік қызмет – балаларға психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктері бағаланды.
 Кадрлық қамтамасыз ету – педагогтардың біліктілігі мен оқыту процесіне дайындық деңгейі тексерілді.
Тұрмыс жағдайы және тамақтану – оқушылардың тұрмыстық жағдайы мен тамақтануы тексерілді.
Бұл мониторингтің мақсаты — балалар үшін қолайлы жағдайлар жасау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапалы білім беру мен даму үшін барлық қажетті жағдайларды жасау.
#МеңдіқараАуданы #МектепИнтернат #Білім #Мониторинг #Қауіпсіздік #Балалар #Тәрбие #Психология #ӘлеуметтікҚызмет #Тамақтану
—
16:11
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!