Жер сағаты
Біздің мектепте балалардың назарын жыл сайынғы халықаралық акцияға аудару мақсатында «Жер сағаты» жалпымектептік іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара климаттың өзгеруі мен экология мәселелерін еске салу үшін бүкіл әлем адамдарын бір сағатқа жарықты өшіруге шақырады. Ол оқушыларда табиғи ресурстарға жауапты қарым-қатынасты, электр қуатын, газды, жылу мен суды үнемді пайдалануды, сондай-ақ қоқысты дұрыс кәдеге жаратуды, соның ішінде қалдықтарды сұрыптауды қалыптастыруға ықпал етеді.
Мұндай іс-шара экологиялық сананы арттырып қана қоймай, балалар мен ересектерді күнделікті өмірде қоршаған ортаны сақтауға үлес қосуға шабыттандырады.
#biggesthourforearth #earthambassadors #earthhour #bіrtutastarbіe #qamqor #rumcdoofficial #Жер_елшілері #ЖерСағаты2025*.





