«Қош келдің, Наурыз мейрамы»
Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-8 сынып арасында «Қош келдің, Наурыз мейрамы» атты сынып сағаты өтті.
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелер ұлы мереке. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әр шаңырақта бақыт береке болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
#біртұтас_тәрбие, #nauryznama2025