«Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мектепішілік іс-шара

«Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мектепішілік іс-шара

Ұлысты ұйымдастырған наурыз мейрамы бекітілген жоспарына сәйкес «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мектепішілік іс-шара өткізілді. Мақсаты: қазақ халқының мол мұрасы, асыл қазынасы, әлі де ескермеген дәстүрлерін насиғаттау, ұлттық құндылықты дәріптеу. Ұлттық салт-дәстүрдің ішіндегі «Тұсаукесер» рәсімі көрсетілді. Қазақтың салт-дәстүрлерін сақтау өмірдің маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Іс-шара барысында мың құбыла билеген би, әуезді әуен мен күйлер тартылды. Барша қатысушылар Наурыздың шын мәнінде жаңару мен жақсылықтың, татулық пен берекенің мейрамы екені сезінді. #біртұтас_тәрбие #nayruznama_2025

—
20:53
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!