ӘБ «Спектр»
«Спектр» ӘБ онкүндігінің жоспарына сәйкес 11 наурызда физика мұғалімі А.Б. Сейдалинаның ұйымдастыруымен «Физикалық құралдардың құпиясы «Secrets»» атты ғылыми үзіліс өткізілді. Осы іс-шара барысында әртүрлі физикалық құралдар таныстырылып, жұмыс істеу принциптері көрсетілді. Оқушылар құралдарды өз қолдарымен қосып, олардың қалай жұмыс істейтінін зерттеді. Көптеген тәжірибелер жасалып, ғылыми заңдылықтар түсіндірілді. Іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар жаңа білім алып, физикаға деген қызығушылықтарын арттырды.





