ӘБ «Спектр»
7 наурыз күні «Спектр» ӘБ онкүндігі аясында педагог Н.С. Бегайдарова 5 сыныпта «Ондық бөлшектерді дөңгелектеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта әртүрлі әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ инновациялық технологиялар қолданылды: «Аквариум» әдісі, интерактивті ойындар, Wordwall платформасындағы тапсырмалар. Оқушылар әсіресе Educaplay веб-сайтындағы ойында қызығушылықпен жұмыс жасады. Рефлексия кезеңінде оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерін талдап, бағалады. Мұндай оқыту тәсілі білім беру процесін балалар үшін қызықты әрі танымды етеді.





