МО "Спектр"
2025 жылғы 4 наурызда «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ «Білім беру саласында жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен оқу процесінде қолдану үлгілері» атты ұранымен «Спектр» ӘБ онкүндігі жоспарына сәйкес 7 «Б» сыныбында «Дүниежүзі халқының діни құрамы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушыларды белсенді түрде тарту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.Инновациялық әдістердің бірі ретінде оқушыларға жасанды интеллект ChatGPT көмегімен коллаж жасау тапсырмасы берілді, бұл оларға әртүрлі елдердегі діни ерекшеліктерді тереңірек түсініп, визуализациялауға көмектесті. Оқушылар жеке және топпен жұмыс істей отырып, топтық дағдыларын дамытып, тақырыпты жақсы меңгерді.Сабақ соңында оқушылар «Жер шары» ойыны арқылы жинаған ұпайларын есептеп, ойынның мотивациялық және бәсекелестік элементтерін енгізді. Сабақтың қорытындысында «Табыс сатысы» әдісі қолданылып, оқушылар өз жетістіктерін бағалап, сабақтың негізгі сәттерін айқындады.Осындай оқыту тәсілдері заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оқу процесін балалар үшін қызықты әрі танымды етеді.