«Тамшылар» ӘБ онкүндігі
«Тамшылар» ӘБ онкүндігі аясында 20 ақпанда оқушыларымыз ұлттық ойындар: асық, көкпар және тоғызқұмалақ ойнады. Қазақстанда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, бала тәрбиесінде, олардың дене белсенділігін, зейінін, ептілігін, ұжымшылдығын дамытуда маңызды рөл атқаратын дәстүрлі ойындар өте көп. Дәстүрге құрмет көрсете отырып, олар өз мәдениетін, маңызды өмірлік құндылықтарын түсінуге, өз тарихын бағалауға және өз халқын мақтан етуге үйретеді.





