«Капельки» ӘБ онкүндігі
«Капельки» ӘБ онкүндігі аясында музыка мұғалімі Н. Б. Чипиленко 5 Б сыныбында «Шығыс халықтарының музыкалық дәстүрлері» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Балалар сабақ барысында шығыс халықтарының музыкалық дәстүрлері туралы білді, олар Қытай мен Жапонияның музыкалық мәдениеті туралы түсінік қалыптастырды, таңғажайып елдердің музыкалық аспаптары туралы мағлұмат алды, ежелгі халық аспаптарының дыбысын естіп, қазіргі заманмен салыстыра білді. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекітуге көмектескен викторина сұрақтарына жауап берілді. Сабақтың рефлексия бөлімінде оқушылардың жаңа материалды игергендігін көрсетіп, кері байланысқа түсті.





