«Терапия»

«Терапия»

Балалар әлі демалыста, ал Боровое санаторлық мектеп-интернатында психолог Сауекенова А.Г., әлеуметтік педагог Дьякова Н.Н. қосымша білім беру педагогтары Чипиленко Н.Б., Бойко Е.В., Мустафин Х.М. және Кабдуалиев Б.К. бірлесіп педагогикалық ұжымды топтастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бүгін барлық педагогтар актілер залындағы «Терапия» кафесіне шақырылды. Онда әріптестермен бірге педагогтардың коммуникативтік қасиеттеріне арналған психологиялық тесттер өтілді, «Билер терапиясына» белсене қатысты. «Ертегі терапиясы» өткізілгенде кейбір қатысушылар өздерін ертегі кейіпкерлерінің рөлінде сезінді, ал қалғандары «Күлкі терапиясын» бастан кешірді. Бүкіл ұжым Рождество қарсаңында жаңажылдық тақырыпқа арналған караоке айтып, үлкен ризашылықпен көңіл көтерді. Педагогтар жақсы көңіл-күй мен қуат алып, үшінші тоқсанды жаңа күшпен бастауға дайын.
—
14:37
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!