"Біртұтас тәрбие"

"Біртұтас тәрбие"

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарына сәйкес осы аптаның дәйексөзі: «Ел-жұртымның бақытын аталатын, сөнбесін мәңгі сенің, Отан атың!». Дәйексөзді негізге ала отырып, «Туған елдің табиғатын қорғау — біздің міндетіміз» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген қамқорлығы жайлы түсініктерін кеңейту. Қоршаған ортаны таза ұстауға, ластануына жол бермеу.Табиғат пен экологияға қамқорлық — бұл бәрімізге әсер ететін маңызды және өзекті тақырып. Біздің әрбір әрекетіміздің қоршаған ортаға әсері бар екенін түсіну керек және біз оны тек бірге қорғай аламыз.Тәрбиеші А.Б Сейдалина мен мұғалім А.Ғ. Сауекенова жеке қауіпсіздікке 10 мин уақыт бөлді. Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында психологиялық ахуал өткізілді. Іс-шара барысында тақырыпқа сәйкес ойын, викторина, сұрақ-жауап, әңгімелесу сияқты әдіс-тәсілдері пайдаланды. Білім алушылар өз ойларын толық ашып, кері байланыс берді.

0
17:56
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!