«12 сәуір –ғылым күні»

«12 сәуір –ғылым күні»

Бұл күн – тек ғарышкерлер күні емес, сонымен қатар ғылым қызметкерлері күні. Себебі ғылымның да жаңа деңгейге көтерілген күні 1961 жылдың 12 сәуірі еді. Әлемдік ақыл-ойдың даму тарихында алтынмен апталып, күміспен күптелген сәттер аз емес. Соның бірі де, бірегейі де – осы күн.Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ұлттық ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиеті ғылыми жетістіктер санын сөзсіз еселей түседі.Халқымыз үшін білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің орны қашанда бөлек. Бабаларымыз ілім мен ғылымның тек оқу арқылы табылатынын дұрыс ұғынған.Осының негізінде 2 топ тәрбиешісі: Л.Ф.Шмыглова «12 сәуір –ғылым күні»атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында білім алушылар тақырыпқа сәйкес викториналық сұрақтарға жауап берді, тәжіребиелер көрсетілді. Қорытындысында естелікке фотоға түсіп, іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

#Біртұтас _тәрбие
0
11:29
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!