"Ата-баба дәстүрі ұрпаққа өнеге"
Ұлысты ұйыстырған Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Наурыздың 5-і күні мектеп оқушыларының қатысуымен «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа өнеге» атты викторина ұйымдастырылды. Оқушылар «Додоэкадр» әдісі арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты. Викторинада екі команда жарысты. Оқушылардың жауаптары толымды, мазмұнды болды. Әр жауапқа қосымша ақпарат беріп отырды. Іс-шара өте көңілді өтті.#біртұтас_тәрбие