«Тіл-тұғырым, әдебиет-ғұмырым»
Жұмыс жоспарына сәйкес бүгін «Тіл — тұғырым, әдебиет — ғұмырым» атты «Лингвист» ӘБ онкүндігі басталды. Таңертең мектеп-интернат оқушылары мен қызметкерлерін фотоаймағы бар тақырыптық безендірілген фойе таң қалдырды. Мектеп филологтары кіре берісте қызметкерлерді «Тәтті сұрақ», "Қатты сұрақ", «Майлы сұрақ» деген үш қобдишамен қарсы алды. «Ер жетіп қалған балалар» мектеп бағдарламасын, қазақ және орыс тілдеріндегі ережелерді, ертегілердің басты кейіпкерлерін, ақындардың өмірбаянын, ұлы жазушылардың шығармаларының атауларын қалай есте сақтайтынын білу өте қызықты болды. Әрбір қатысушы тіл адамның әлемін және оның мәдениетін көрсетіп қана қоймайды деген қорытындыға келді. Тілдің маңызды қызметі — ол мәдениетті сақтайды және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Сондықтан тіл жеке тұлғаны, ұлттық сипатты, халықты, ұлтты қалыптастыруда шешуші әрі маңызды рөл атқарады