«Өрт сөндіру кезіндегі оқу жаттығулары »

«Өрт сөндіру кезіндегі оқу жаттығулары »

Адамдар көп шоғырланған оқу орны – бұл жоғары қауіпті объект болып табылады. Оқу-жаттығулары нақты өрт пен қайғылы оқиғаның туындауына жол бермеу мақсатында жүргізіледі. «Өрт сөндіру кезіндегі оқу жаттығулары »тақырып аясында мектеп-интернат қызметкерлері,ұстаздары және оқушыларын ақпараттандырылып «Меңдіқара аудандық төтенше жағдай бөлімі»ММ қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Меңдіқара ауданы ТЖБ аға анықтаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты -С.К.Назиров., Меңдіқара ауданы ТЖБ азаматтық қорғау капитаны аға инженері –А.М.Теміржанов., ТЖБ азаматтық қорғау лейтенанты аға инженері –Д.Б.Бейсембаев қатысты. Іс-шарада: өрттің себептері мен салдары, өрт шыққан жағдайда өзін-өзі ұстау қағидалары және жанып жатқан үй-жайдан эвакуациялау қағидалары, оттан сақтану дағдылары туралы мағлұмат берілді. Іс –шараға барлығы -85 оқушы, 16 педагог-ұстаз., 10 мектеп қызметкерлері қатыстырылды.
#біртұтас_тәрбие
0
09:26
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!