«Асық ату»
Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Сол себептен де, біздің мектеп- интернатта ұлттық спорт түрлеріне аса назар аударылады. Осы бүгін де «Асық ату», «Бес асық» ұлттық ойын түрінен облыстық мектеп лигасының аудандық кезеңіне біздің тәрбиеленушілеріміз қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: «Бес асық» ойыны бойынша 5-6 сынып оқушылары қыздар арасында командалық -1 орын, 7-8 сынып арасында 2- орын. Крюкова Анна -2 орын, Атымтай Ақжан- 3 орын алған үшін марапатталды.
7-8 сынып оқушылары ұлдар арасында «Асық ату» ұлттық ойыны түрінен командалық 2- орынға ие болдық.Аталған мектеп лигасына 100-ден астам оқушы қатысты, біздің мектеп- интернаттан -13 оқушы қатысты.Мектеп командасын және дене шынықтыру мұғалімі Сулейменов Ж.Ж. құттықтаймыз!
Жеңістерің құтты болсын! Көздеген мұрат мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарың орындалсын.
#біртұтас_тәрбие
#ұлттықспорт