декады МО «Воспитатели» «Детство – это мы»
Бүгін «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ Балалық шақ –ол біздер»атты ұранымен «Тәрбиешілер»ӘБ онкүндігі жоспарына сәйкес «Вейп –электронды темекі оның жасөспірім ағзасына зияны»атты тақырыпта дәріс сағатын өткізді. Қатысушылыр- 7-8 топ қыз балалары. Вейп темекі секілді емес, одан хош иіс шығады. Никотин де қосуға болады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті. Ауа арқылы деммен ішке көп тарта берсе, өкпеде қабыну процестері басталады. Бронхшалар тарылады, тыртықтар пайда болады. Жалпы уытты заттардың әсері аз емес. Оның қосындысының бірі — Пропиленгликоль. Ол ағзада жиналып, аллергиялық реакцияларды қоздырады. Бауыр мен бүйрекке зиян тигізетіндігі туралы Аудандық аурухананың жалпы тәжіребие дәрігер –Д.В.Абрамов презентация көмегімен ақпарат берді.