«Балалардың қызылша ауруы»

«Балалардың қызылша ауруы»

Біртұтас тәрбие айдары. Қызылша ауруы облыс бойынша өзекті мәселелерге айналып отыр. Соның негізінде бүгін «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ дәрігер-педиатры- О.И.Сузева «Балалардың қызылша ауруы»атты тақырыпта дәріс сағатын өткізді. Қатысушылары: 3-9сынып қыз балалары болды. Ольга Ивановна жалпы қызылша – жоғары дене температурасымен, катаральды белгілермен және бөртпемен жүретін жіті вирустық ауру. Ол асқынса, кішкентай науқастардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Қызылша мұрын, көз және тамақ шырыштысына түсіп, содан соң жұқпа қанға еніп, бүкіл ағза бойымен таралатындығы туралы презентация көмегімен ақпарат берді. Қатысушылар тыңдап, тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойды.Қорытындысында бұл инфекциялық ауру иммунитеттің жоғары болған жағдайда жұқтырмауға болады деген сөздерімен аяқтады.

#біртұтас _тәрбие
0
15:21
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!