Мағжан Жұмабаев
Біртұтас тәрбие жұмысы айдары. Биыл қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толып отыр. Соның негізінде «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ кітапхана сағаты өткізілді. Қатысушылары:4-7 сынып оқушылары.Іс-шара барысында мектеп-интернат кітапханашысы: Н.В.Кислер ақынның өмірбаяны, еңбек жолы, тағдыры, шығармашылығы жайында ақпарат берді. Мақсаты: ақынның елге танымал өлеңдерінмен таныстыру, балаларға ұнаған кез келген шығармасын кітаптан оқу болды.Іс-шара барысында Мағжан Жұмабаев туралы бейнеролик көрсетілді, сұрақтарға жауап берді. Ең кең таралған өлеңдері «Мен жастарға сенемін», «Қазақ тілі» өлеңдерін оқыды.Өлең жолдарындағы ақынның идеясы мен ойын талқылады.Арнайы тоқтадағы негізгі мәліметтермен танысты.