Своими руками
Біртұтас тәрбие жұмысы айдары. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам баласының өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше екені мәлім. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан — жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт — олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.Осының негізінде мектеп-интенатымызда «Бос уақытыңды тиімді пайдалана біл» атты тақырыпта акция өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.2 топтың тәрбиешілері бұл акцияда белсенділік танытты. 2 топтың тәрбиешілері: Л.Ф.Шмыглова мен Е.В.Косарева. Бұндай акциялар әлі де жалғасын табатынына сеніміз мол.