«Буллинг және кибербуллинг»

«Буллинг және кибербуллинг»

Біртұтас тәрбие жұмысы айдары. «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ 2-6 топ бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен бірыңғай «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; балалар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; топты сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағатының басында Миға шабуыл (бейнеролик) көрсетуден басталды. Бейнероликтен кейін сұрақтарға жауап берді, өз ойларын білдірді.Жағдаяттық келеңсіз ситуацияларды, талдады, көрсетіп шешімін шығарды, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендерін талқылады. Тәрбиеші-педагогтер «буллинг», «кибербуллинг» туралы ақпарат берді. Қорытындысында келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін, өз-өзімізді еркін, мектеп-интернат ережелерін қатаң ұстанып, шынайы дос болайық !- деген ұранмен аяқтады.

# біртұтас_тәрбие
0
19:51
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!