«Мен және менің құқықтарым,міндеттерім»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының « Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын-алу айлығын өткізу туралы жоспарына сәйкес «Мен және менің құқықтарым, міндеттерім»атты тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағатында білім алушылар «Әділет» және «Ата заң» екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Оқушылар құқық, міндет, заң деген ұғымдары бойынша білімдерін шыңдады. Топтық сайыста: тақырыпқа сәйкес тақпақ айтылды, «Ия»немесе «жоқ» сауалнамалық парақшаларды толтырды. Оқушылар әрбір кезеңде белсене қатысты.Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың құқық, міндет, заң туралы білімдерін арттыру. Қорытындысында білім алушылар тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жауап берді, кері байланыс жасады.