Мои права- мои обязанности
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының « Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын-алу айлығын өткізу туралы жоспарына сәйкес «Менің құқығым, және міндеттерім»атты тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағатына қатысушылар: 9 топ,7-9сынып ер балалары.Тәрбие сағатының басында викториналық сұрақтарға оқушылар жауап берді.Одан кейін тәрбиеші-педагог: Д.С.Кабдешев білім алушыларға «Құқық»және «міндет» деген сөздерге байланысты ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар «Ата заң»., «Балаларды қорғау туралы конвенция» бұл құжаттар адамның құқықтары туралы негізгі құжат екеніне балардың назарын аударды. «Бала құқығы»туралы бөлімде оқушылар топпен құқықтарды, міндеттерді бөліп жазды. Оқушылар тәрбие сағатына белсене қатысты, тақырып бойынша көптеген ақпарат жинады.